Президент «Электрондық коммерция туралы» заңға қол қойды

    Заңға сәйкес, электрондық саудада келісім тараптары арасында келісімшарт шарттарын электрондық құжаттар мен (немесе) хабарламаларды растау арқылы электрондық құжат формасында ресімделеді.

    Электрондық саудадағы электрондық құжаттар қағазда ресімделген және өз қолымен қол қойылған құжаттарға теңестіріледі.

    Электрондық саудада сатушылар төмендегілерден құралады:

    Электрондық сауда алаңында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) бөлшек және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;

    Электрондық сауда алаңында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар.

    Салада төлемдер төмендегі әдістерде жүзеге асырылады:

    Нақтылай ақша қаржылармен – нақтылай ақшалай қаржыларды төлем құралы ретінде виртуалды терминалдар (E-POS) арқылы қабылданғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ сатушы және сатылған тауар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды сатып алушыға ұсыну арқылы;

    Қаржыларды банктің есеп-шотынан өткізу арқылы – ақшалай қаржыларды банктің есеп-шотынан өткізу құралында, соның ішінде жеке кабинет арқылы немесе төлем ұйымының жүйесі арқылы ақша аудару;

    Электрондық ақшаны пайдалану арқылы – электрондық ақша жүйесінде ашылған электрондық қоржындағы ақша қаржыларын аудару арқылы.

    Сауда алаңдарының операторлары, төлем қызметтерін жеткізушілер және тауарларды жеткізу қызметтерін көрсететін заңды тұлғалар өздерінің ақпараттық жүйелерінде немесе банк есеп-шоттарында «эксроу» қызметін енгізуі мүмкін.

    Тауарлар үшін сатып алушы төлеуді жүзеге асыру кезінде “эксроу” қызметін көрсетуші төлеген ақшалай қаражатты сатып алынған тауарлардың алынғаны расталғанға дейін сақтауға құқылы. Егер тауар жеткізілмесе немесе сипаттамаға сәйкес келмесе, “эксроу” қызметін көрсетуші ақша қаржыларын сатып алушыға қайтарады немесе, егер тауарды сатып алушы қабылдаған болса, қаржы сатушының есеп-шотына өткізіледі.

    Заң ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң күшіне енеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates