Президент Ташкентттегі құрылыс жұмыстарымен танысты

    Билік 21 Yanvar 2022 4337

    21 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

    Мемлекет басшысы бүгін қаладағы «Tashkent Central Park» құрылыс кешеніне барып, ондағы жұмыстармен танысты. 2018 жылы Президент жарлығымен жүзеге асырылып жатқан бұл нысан 2023 аяқталады.

    Кешен 15 қабатты үш ғимараттан тұрады. Оларда бес жұлдызды қонақ үй, бизнес кеңселер, конференция залы, сауда орындары мен мейрамханалар орын алған. ғимарат маңайында әсем көрініске ие бақ пен екі қабатты жерасты автотұрағы салынады.

    Мемлекет басшысы бұдан бөлек қалада салынып жатқан «Tashkent city» сауда орталығына да барды. Мұнда 29 қабатты қонақ үй, 30 қабатты бизнес орталық, 4 қабатты сауда ойын-сауық орталығы болады. Олардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр және 2023 жылға қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    Осы жерде құрылыс кәсіпкерлері және инвесторлармен қысқаша сұхбат болды. Кешен өңірдегі ірі сауда орталықтарының бірі болатыны, іргелес салаларда 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінімен қоса ондағы жасалған мүмкіндіктер шағын және орта бизнестің дамуына күшті серпін беретіні айтылды.

    Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласы әкімшілігінде құрылған жағдайларды басқару орталығына барды.

    Бұл орталық халыққа заманауи қызмет көрсету мақсатында құрылған болып, оған жергілікті бюджеттен 110 миллиард сум қаржы бөлінді және 4 қабатты үй салынды. Мұнда 60 сервермен үлкен бақылау экраны, компьютерлер бар.

    Орталық электр энергиясы, табиғи газ, су және жылумен жабдықтау, жол, көлік, қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы 60-тан астам ведомствоның биллинг жүйелері және порталдарымен біріктірілген. Бұл арқылы аталған аумақтардағы деректер, барлық кварталдар мен көшелердегі жағдай геолокация арқылы анық көрінеді. Аудандарға бекітілген мамандар мұны онлайн режимде қадағалап, қажет болған жағдайда жедел қызмет көрсетеді.

    Президент бұл орталықтың тәжірибесін өзге өңірлерге де енгізуді тапсырды.

    Осы жерде Ташкент қаласындағы махалла мен жұмыс істеуді ұйымдастыруға арналған жиын өтті.

    – Осы екі жүйенің өкілдері, яғни әкім көмекшілері мен жастар көшбасшылары төңіректе реформатор болады. Халықтың тұрмысын жақсартуда, кәсіпкерлікті дамытуда, жастарды оқытып, жұмысқа орналастыруда сіздерге үлкен үміт артамыз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Биыл Ташкент қаласындағы махаллалардың инфрақұрылымын жақсартуға бюджеттен 500 миллиард сум бөлінбек. Сондай-ақ, мемлекет 476 миллиард сум несие және махаллаларда бизнесті дамытуға субсидия береді. Бұл қаражат әкім көмекшілерінің ұсынысымен аудандағы ең өзекті әлеуметтік-коммуналдық мәселелерге, сондай-ақ бизнес жобаларға бағытталады.

    Мемлекет басшысы махалла жетекшісі, әкім орынбасарлары және жастар жетекшілерімен әңгімелесуде олардың басты міндеті – жұмыстың тиімділігін арттыру, махалладағы әрбір отбасының жағдайынан хабардар болу, «темір», «әйелдер» және «жастар» кітапшасы құрамында бар азаматтарға қолдан келгенше көмектесу керек екенін айтты.

    Жастар жетекшісі күн сайын аудан әкіміне тың ұсыныстар жасап, өз бетімен ізденіп, жұмыс жасауы керектігі айтылды.