Кездесуде «Өзбекстан – 2030» стратегиясын осы жылғы мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асыру барысы және алдағы жылы реформаларды одан әрі ілгерілету перспективалары талқыланды.
Мемлекеттік басқаруда кадрларды даярлау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процесіндегі келесі қадамдар талқыланып, ұлттық заңнаманы ДСҰ қағидаттары мен талаптарына сәйкестендіруді жеделдету қажеттігі айтылды. Елдің жаһандық рейтингтердегі позициясын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру да басты назарға алынды.
Мемлекет басшысы барлық жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыру және стратегиялық реформалар күн тәртібін жаңа бастамалармен толықтыру қажеттігін айтты. Әсіресе, биыл елде жарияланған Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономика жылының міндеттерін ескеру маңызды екенін ерекше атап өтті.