Жоғары мәртебелі мейман 21–22 қазанда Самарқанд қаласында өтетін «Балалардың әл-ауқатына инвестиция: болашақ ұрпақтың тұрақты әрі әділетті дамуына жол» атты Дүниежүзілік саммитке қатысу үшін Өзбекстанға келді.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Халилур Рахманды БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының Төрағасы болып сайлануымен құттықтап, оның осы мәртебедегі сапарын қабылдаған алғашқы ел Өзбекстан екенін айрықша атап өтті.

Өз кезегінде Халилур Рахман Өзбекстан Президентіне БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің ықыласты сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында БҰҰ және оның құрылымдарымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Соңғы жылдары Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 қарар қабылдады. Оның екеуі биыл мақұлданды.

Өзбекстан ұйымның негізгі органдары мен құрылымдарының жұмысына белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар ел 2035–2036 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды.

Тараптар Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту, климат өзгерісінің салдарымен күресу, бейбітшілік мәдениеті мен конфессияаралық диалогты нығайту бағыттарындағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі өрістетуге мүдделі екенін растады.

Екіжақты қатынастарға тоқталған тараптар Оңтүстік Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі — Бангладешпен көпқырлы серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайын екендік білдірді.