Іс-шараға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Армения Премьер-министрі Никол Пашинян да қатысты.

Кездесу барысында биылғы бірлескен жұмыстардың негізгі қорытындылары сараланып, алдағы жылға арналған басты міндеттер айқындалды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.

Өзара тауар айналымын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өзара инвестициялар өсімін ынталандыру және кооперациялық жобаларды қолдау, энергетика мен цифрландыру салаларындағы әріптестікті нығайту, ғылым, білім, мәдениет және өнер салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейту, сондай-ақ өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту маңызды екені атап өтілді.

Сонымен қатар Достастық елдері арасында мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастыру, әсіресе жастардың шығармашылық, инновациялық және зияткерлік әлеуетін дамытуға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді.