Қазақстанның тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысын күні кеше елде өткен кезектен тыс Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастары тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілді.
Бүгінгі таңда сауда-экономикалық, инвестиция, энергетика, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларын қоса алғанда, ынтымақтастық барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келеді.