Ашық әрі қызу диалог түрінде өткен шарада Мемлекет басшысы Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясына тоқталып, республиканы жаңғыртуға атсалысуда өзбекстандықтардың әлеуеті зор екенін атап өтті.
Бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілген Өзбекстан-АҚШ ынтымақтастығын дамытуға отандастар мен оларды біріктіретін ұйымдар үлкен үлес қосып жатқаны сөз болды.
Мемлекет басшысы отандастармен қарым-қатынасты нығайтуға, олардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қолдауға бағытталған бірқатар бастамаларды алға тартты. Атап айтқанда, шетелде өзбек тілін оқыту курстарын ұйымдастыруға қолдау көрсету, отандастардың Өзбекстанның тарихи қалаларына баруы үшін арнайы туристік қызмет пакеттерін әзірлеу көзделген.
– Білім, медицина, экономика салаларында жүргізіп жатқан реформаларымыздың нәтижесін әрбір жерлесіміз өз өмірінде сезінуі керек. Шетелде білім алып, ірі компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған Сіз сияқты жоғары білікті мамандар елімізге оралып, Жаңа Өзбекстанды құруға бар әлеуетімен атсалысуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүгін мұндағы әрбір өзбекстандықтың бойынан Отанға деген күшті сезімді, оның дамуына үлес қосуға деген құлшынысын көріп, қатты қуандым. Біз сізді Өзбекстанда күтеміз, – деді Мемлекет басшысы.
Жиынға қатысушылар Президент Шавкат Мирзиёев тарапынан жүзеге асырған іргелі де ауқымды реформалар халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға, елдің халықаралық аренадағы беделін көтеруге қызмет етіп жатқанын атап өтті.
Ірі компанияларда жұмыс істеп, беделді жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жерлестер өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Қоғамдық өмір мен экономиканың түрлі мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Көрсетiлген зор ықылас үшiн шынайы ризашылықтарын бiлдiрген отандастар Өзбекстанның дамуына лайықты үлес қосуға дайын екендiктерiн атап өттi.