2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен салынған «Ұлы Жібек жолы» кешені бұл бағыттағы жұмысты жаңа кезеңге көтеріп, Самарқандтың халықаралық орталық ретіндегі әлеуетін одан әрі арттырды.
Бүгін Президент осы халықаралық туризм орталығына барып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және жасалып жатқан жағдайлармен танысты. Кешенде шетелдік делегациялар мен туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қолайлылықты кеңейту бағытында нақты шаралар қолға алынған, бірқатар жаңа нысандар салынуда.
Атап айтқанда, орталық аумағында жалпы ауданы 1150 шаршы метрді құрайтын үлкен концерт залы бой көтеруде. 100 адамды қабылдай алатын мәдениет ошағы заманауи акустикалық құрылғылармен жабдықталмақ.
Мемлекет басшысы шетелдік делегациялармен екіжақты кездесулер өткізуге қолайлылықты арттыру бойынша нақты ұсыныстар берді.
Осы жерде Самарқанд облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде Президентке есеп берді.
Айта кету керек, биыл Самарқандта бірқатар ірі халықаралық жиын өтеді. Қазіргі таңда «Орталық Азия – Еуропа Одағы» алғашқы саммиті мен Климат форумы, «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері» саммиті, сондай-ақ ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясына қызу дайындық жүргізілуде.