Президент хорезмдік фермерлермен кездесті

    Билік 31 Mart 2023 4386

    Президент Шавкат Мирзиёев «Янгибозор» ауданындағы «Хорезм мақтанышы» тұқым шаруашылығы кластері алқабында болды.

    Бұл кластердің жалпы жер көлемі 286 гектарды құрайды. Оның 147 гектарына астық, 122 гектарына мақта егілген. 45 адам тұрақты жұмыс істеп келеді.

    Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарды аралап, астық пен мақтаның сорттары, жеміс ағаштарының өнімділігін көрді.

    Хорезм суы тапшы өлке екені белгілі. Сондықтан ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін технологияларды қолдану жұмыстары жүргізілуде. Астық алқабының бір бөлігінде жаңбырлатып суару жұмыстары жолға қойылған. Алма көшеттері егілген жаңа бақша арасына сәбіз, пияз, шалқан сияқты ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

    Президент мұндай тиімділікті басқаларға да үйрету керектігін айтты.

    Өзбекстанда астықтан босаған алқаптар жұмыссыз азаматтарға қайта егуге берілуде. «Хорезм мақтанышы» тұқым шаруашылығы кластерінде 80 тұрғынға көкөніс егу үшін 30 гектар жер берілген. Биыл тағы 26 адамға жер телімін беру жоспарланған.

    Мемлекет басшысы осында ауыл шаруашылығы қызметкерлері, фермерлер мен шаруа қожалықтары өкілдерімен сұхбаттасты. Хорезм топырағына қолайлы дақылдарды өсіру мен ауыл шаруашылығын индустрияландырудың маңыздылығы сөз болды.

    Осымен Президент Шавкат Мирзиёевтің Хорезм облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates