Мемлекет басшысы жаңа зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысты

    Билік 22 Dekabr 2021 5079

    Өзбекстан Президенті бүгінгі Ташкент облысына жасаған сапары барысында Алмалық тау-кен металлургия комбинатының 3-ші мыс байыту фабрикасының құрылыс барысымен танысты.

    Биылғы жылдың 29 шілдесінде ірге тасы қаланған бұл фабрика бүгінде 107 гектар жерге салынып жатыр.

    Жобан құны 2 миллиард долларды құрап, қазір оның 861 миллион доллар игерілді. Жобалау жұмыстарына Италияның Wood және техникалық бағалауға мен қабылдауға Ұлыбританияның Technip Energies компаниялары қатысуда.

    Тағы бір маңызды мәселе – шығынды азайту мақсатында зауыт жанынан металл конструкциялар зауыты салынуда.

    Жаңа зауытта кен қоймалары, ұсақтау, ұнтақтау және флотациялау нысандары, гидрометаллургиялық цех, жөндеу шеберханалары, қалдықтарды өңдеу және басқа да нысандар болады. Жұмыс процесі заманауи қондырғылар арқылы басқарылады. Бұл адам факторын азайтып, өнім сапасы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді.

    Мемлекет басшысы мұндағы құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, 2023 жылдың соңына дейін іске қосу жөнінде тапсырмалар берді.

    Зауыттың JORC кодексі бойынша бағаланған мыс қоры 45 миллион тоннаны, ал алтын қоры 5 мың тоннадан астамды құрайды. Осының негізінде 2030 жылға қарай мыс өндірісін 515 мың тоннаға, алтынды 52 тоннаға, күмісті 343 тоннаға дейін жеткізу тұжырымдамасы әзірленді. Оның есесіне зауыттың жылдық өнімін 8 миллиард долларға жеткізу жоспарлануда.

    «Алдағы екі жылдағы басты міндет – зауытқа заманауи басқару жүйесін енгізіп, оны мемлекеттің қолдауынсыз жұмыс істей алатын әлемдегі жетекші металлургиялық компаниялардың біріне айналдыру», - деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысы осы 3-ші мыс өңдеу зауытының құрылысымен қатар 4-ші мыс өңдеу зауытын жобалаудың маңыздылығына тоқталды. Нәтижесінде кенді өңдеу қуаттылығы 3 есеге артып, 160 млн тоннаға жетуі мүмкін.

    Бүгінгі таңда мыс өңдеу және жоғары қосылған құны бар өнім өндіру бойынша 76 млн долларды құрайтын 22 жоба қалыптасты.

    Сондай-ақ, Президенттің Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары барысында Ташкент облысында жартылай өткізгіштер мен электроника кластерін құру туралы келісім жасалған.

    Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты жеделдетіп, электротехника, энергетика және автомобиль өнеркәсібі үшін жоғары сұранысқа ие өнім шығаруды тапсырды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates