Президент жөндеуден өткен жылу орталығының жұмысымен танысты

    Билік 14 Oktabr 2023 4360

    Президент Шавкат Мирзиёев«Ташкент жылу орталығы» кәсіпорнының «Шайхонтохур» ауданындағы 3-санды жылу орталығында болды.

    Бұл кешен 1972 жылы салынған. Мұндағы 5 қазандықтың жалпы қуаттылығы 400 Гкал. Жалпы 491 көпқабатты үй мен 150-ден астам әлеуметтік сала мекемелері жылумен қамтамасыз етілген.

    Өткен қыста ауаның күрт суытуына байланысты көгілдір отынның қысымы төмендеп, тұтынушыларға жылу беру қиынға соқты. Сондықтан биыл жылу орталығында балама отынды пайдалануға мүмкіндік туды. Атап айтқанда, мазут қожалығы салынып, екі қазандық газ және мазут аралас күйде жұмыс істеуге бейімделді. Барлық қазандықтар жөнделді. Сондай-ақ, газ қысымын қамтамасыз ету мақсатында құрылымға 4,6 шақырымдық жеке құбыр тартылды.

    Осы жұмыстардың нәтижесінде күзгі-қысқы маусымда тұтынушыларды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Атап айтқанда, желі 30 градус суық температураға дейін тұрақты жұмыс істейді. Мұндай жағдайларда резервтік мазут қолданылады. Күшейтілген құбыр оқшаулауының арқасында жылу шығыны азаяды. Соның нәтижесінде халыққа 65 градустан төмен емес жылу беріледі.

    Дәл осындай тәртіппен 5-санды жылу орталығы да жаңғыртылған.

    – Ашығын айтқанда, бұл жүйеге көп жылдан бері мән берілмей келеді. Жылу кәсіпорындары ескі ресурстар, ескі әдіспен жұмыс істеді. Бірақ алған жылу шығынға тұрарлық емес. Оған халық келіспеді, бизнес те пайда көрмеді. Өткен жылғы сынақ пен өз мүмкіндіктерімізді негізге ала отырып, жылумен қамтуды жаңғыртудамыз. Енді жылуды сақтау және үнемдеу шараларын қабылдау қажет, – деді Шавкат Мирзиёев.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates