Мемлекет басшысы жастар мерекелік шарасына қатысты

    Билік 30 Iyun 2022 6245

    Президент Шавкат Мирзияев 30 маусым – Жастар күніне орай «Жаңа Өзбекстан» саябағында өткен мерекелік шараға қатысты.

    Мұнда Әмір Темір, Мырза Ұлықбек, Әл-Хоразми, Әлішер Науаи, Захириддин Мұхаммед Бабыр, Жалолиддин Мангуберди атындағы павильондар құрылған. Оларда жастардың ғылым, шығармашылық, спорт және өнер салаларындағы жетістіктері көрсетілген.

    Мемлекет басшысы осы көрмелерді аралап, көзден кешірді және жастармен сұхбаттасты.

    – Бүгінгі жастардың білімі мен іс-әрекеті мені шексіз қуантады. Негізі солай болуы керек. Өйткені, тұла бойыңда ұлы аталардың қаны ағып жатыр. Біздің тарихымыз отыз бір жыл емес, үш мың жыл. Біздің ата-бабаларымыз екі ренессанстың негізін қалады. Енді біз Үшінші Ренессанстың іргетасын қаламақпыз. Кімге сеніп? Сіздерге сену арқылы. Біздің ең үлкен тұғырымыз – білім, – деді Шавкат Мирзияев.

    Саябақта «Бес бастама олимпиадасының» қорытындысы да көрсетілді. Бұл жарыстар Өзбекстан Президентінің биылғы 11 сәуірдегі шешіміне сәйкес бастау алғаны белгілі. Оның махаллада, секторда, ауданда, қалада, облыста және республикада арнайы кезеңдері өтіп оған 6 миллионнан астам ұл-қыз қатысты.

    Қарақалпақстан Республикасының Бозатов ауданында өткен «Жастар үні» байқауы өнер саласындағы таланттарды ашты. Президент осы байқаудың жеңімпаздарымен тілдесіп, оларға сәттілік тіледі.

    Республикада жастар саясатына басымдық берілуде. Осыған орай жеке мемлекеттік ұйым – Жастар ісі жөніндегі агенттік құрылды. Биылғы жылы ауданда 9500 жастар жетекшісі жұмыс істей бастады.

    «Жастар дәптеріне» енгізілген 700 мыңнан астам жас жігіт-қыздардың мәселесін шешуге 650 миллиард сум бағытталды. Соңғы екі жылда 174 мың жастың бизнес-жобасына 4 триллион 400 миллиард сум жеңілдетілген несие берілді. 560 мың адамға егін шаруашылығына жер бөлініп, жұмыспен қамтылды.

    Білім сапасын арттыруға да үлкен көңіл бөлінуде. Мамандандырылған мектептердің аясы кеңейіп, оқушыларға терең білім беріліп жатыр. Бір ғана Президенттік мектептерді бітірген 102 жас шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.

    Соңғы екі жылда «Эл-Юрт умиди» қоры арқылы 400 жас шетелге оқуға жіберілді. Өткен жылы халықаралық ғылым олимпиадаларында 255 медалға қол жеткізілді. Биылғы жылы 382 жас спортшымыз халықаралық беделді жарыстарда 419 жүлдеге ие болды.

    Осының барлығы мерекелік алаңда көрсетілді. Осыдан кейін Мемлекет басшысы амфитеатр алаңына келіп, республика жастарын мерекемен құттықтады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates