баннер
24 Apr 2025
12:57

    Мемлекет басшысы Сахиба Гафарованы қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 сәуір күні Парламентаралық одақ Ассамблеясының 150-сессиясы аясында Әзербайжан Республикасының Ұлттық Мәжіліс Төрайымы Сахиба Гафарованы қабылдады.

    Кездесудің басында мәртебелі қонақ Өзбекстан басшысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері талқыланды.

    Экономикалық ынтымақтастық жылы аясында бірлесіп атқарылып жатқан табысты жұмыстар ерекше атап өтілді. Екі ел арасындағы тауар айналымы артуда, экономиканың түрлі салаларында кооперациялық жобалар қарқынды іске асуда. Мәдени-гуманитарлық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

    Келісілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау, сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі саммиттерге жаңа ұсыныстар әзірлеу мақсатында парламенттер арасында тығыз жұмыс байланысын жалғастырудың және белсенді алмасуларды арттырудың маңыздылығы айтылды.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech