Президенттер келіссөздерден кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

    Билік 27 Yanvar 2023 4494

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров келіссөздерден кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

    Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті мен халқына шынайы және жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

    – Біздің мемлекеттік сапарымыздың Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына отыз жыл толуына орай өтіп жатқанының символдық мәні бар, – деді Шавкат Мирзияев.

    Өзбекстан басшысы сенім мен сындарлы диалог рухында өткен жоғары деңгейдегі кездесулердің нәтижелерін жоғары бағалады. Тараптар көпжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын жан-жақты талқылап, оны тереңдету бойынша нақты шешімдер қабылдағанын атап өтті.

    Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы келісімнің жасалуы екіжақты қарым-қатынастардағы шын мәнінде тарихи оқиға болғаны айтылды.

    – Шекараны делимитациялаудың толық реттелген мәселелері екіжақты ынтымақтастық пен өңіраралық алмасуды дамытуда маңызды рөл атқарады, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді, – деді Шавкат Мирзияев.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша қабылданған маңызды құжаттардың бірі – жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы Декларация болды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл біздің елдеріміз бен халықтарымыздың мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытудың жаңа дәуірінің басы.

    Сауда-өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту ынтымақтастықтың ең маңызды басымдығы ретінде белгіленді. Кейінгі жылдары тауар айналымы жеті есе өсіп, 1,3 миллиард долларға жетті.

    Екі елдің үкіметтеріне тауар айналымын екі миллиард долларға дейін арттыру, соның ішінде импортты ң орнын ауыстыру және сауда орталықтарын құру міндеті қойылды.

    Кеше өткен бизнес-форумда жалпы құны 1,6 миллиард долларды құрайтын келісім-шарттарға қол қойылуы да осы мақсаттың ойдағыдай жүзеге асырылуға қызмет етеді.

    Жоспарланған ірі кооперативтік жобалардың қатарында автокөлік құрылыс материалдары, тоқыма және иірілген жіп, электр бұйымдары, электронды есептегіштер өндірісі бар.

    Тараптар екі елдің кәсіпорындары мен инвесторларының қатысуымен энергетика және тау-кен салаларында, соның ішінде көмір өнеркәсібінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

    Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі негізде ұйымдастыру мақсатында «Өзбекстан-Қырғызстан» даму қоры кеңейтілетін болады, стратегиялық сауда-экономикалық әріптестіктік бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы және өнеркәсіптің басым бағыттарын дамыту туралы келісім қабылданды.

    Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында тараптар екі елдің қажеттіліктері негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өсіріп, жеткізуге келісті.

    Тағы бір стратегиялық бағыт – көлік коммуникациясын дамыту.

    - Саъй-ҳаракатларимизнинг муваффақияти кўп жиҳатдан транспорт соҳасидаги ҳамкорликнинг самарадорлигига боғлиқ, - деди Ўзбекистон П– Біздің күш-жігеріміздің табысты болуы көбінесе көлік саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігіне байланысты, – деді Өзбекстан Президенті.

    Келіссөздер барысында Мемлекет басшылары «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу бойынша жұмысты жандандыруға келісті. Энергетика саласында, атап айтқанда, Қамбарата ГЭС-1 құрылысын бірлесіп салу мәселелері жан-жақты талқыланды.

    – Бұл мегажоба Өзбекстан мен Қырғызстанның ғана емес, бүкіл өңірдің тұрақты дамуына қызмет ететіні сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

    Келіссөздер барысында өңіраралық қатынастарды жандандыруға ерекше назар аударылды. Шекаралас өңірлер басшылары кеңесінің тұрақты отырыстары осы қарым-қатынастарды кеңейтуге қызмет етеді.

    – Басқа ешбір елмен мұндай ерекше диалог алаңына ұқсасы жоқ, - деді Шават Мирзияев.

    Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

    Ош қаласындағы қайта жөндеуден өтіп жатқан өзбек музыкалық драма театры бауырлас халықтар достығының жарқын символы болатыны атап өтілді.