Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының кезектегі жиналысында «Автомобиль жолдары туралы» заң жобасы екінші және үшінші оқылымда қаралып, Сенатқа жолданды.
Бұл заң жобасында «Автомобиль жолдарын жоспарлау» механизмін енгізуді, жол инфрақұрылымын тұрғындар және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сәйкес дамытуды көздейді.
Сондай-ақ жолдарды жобалау кезінде тұрғындардың пікір мен қоршаған ортаға тигізетін әсерді ескеру, жаяу жүргіншілер үшін кедергісіз жағдай жасау жөнінде де қатаң талаптар қойылуда.
Жобада коммуникация тармақтарын құруда жолдың бұрынғы жағдайын тіктеу қаражаттарын жабу шарты да кірітілген. Жолдарда ірі және ауыр салмақты көліктердің қозғалысы реттелуде. Сонымен қатар, жол бойындағы аумақтарда қызмет көрсету нысандарды орналастыру талаптарына қатысты талаптар белгіленеді.
Заң жобасы бойынша ақылы жолдар салудың құқықтық негіздері де жасалда. Ақылы жолдарды салуға баламалы тегін бағыт болған жағдайда ғана рұқсат беру ұсынылып отыр.
Бұл ретте, ақылы автомобиль жолындан қозғалу үшін төлем көлемі автомобль жолдарды пайдаланушылардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруды ескере отырып, экономикалық жағынан өзін қаптайтын болуы керек деп қарастырылуда.
Заң жобасында белгіленген нормалар жолдардың сапасын арттыру арқылы қолданыстағы автомобиль жолдары желісін ұзақ уақыт бойы сақтап тұру, ақылы жолдар желісін құруға, салаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға қызмет етеді.








