Ташкент-Әндіжан ақылы тас жолы 6 жылда салынып бітеді

    Транспорт министрінің орынбасары Жасур Чориев Ташкент-Әндіжан ақылы автомобиль жолының құрылысы 6 жыл 3 айда құрып біткізетінін хабарлады. Жоба бойынша бұл жолда 10 тоннель болады.

    Транспорт министрінің орынбасары Жасур Чориев Ташкент-Әндіжан ақылы автомобиль жолы бойынша Дүниежүзілік банкпен әзірленген жобаның негізгі жақтары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Gazeta.uz.

    Министр орынбасары берген мәліметтерге орай, жолдың 64 пайызы жаңадан салынса, 36 пайызы қайта жөндеуден өтеді. Ұзындығы 314 шақырым болатын I-а санатындағы жол 6 жолақтан тұрады. Жолдың құрылыс мерзімі 6 жыл 3 ай.

    Үдеріс үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде Ташкент-Ангрен (78 шақырым), екінші кезеңде Ангрен-Поп (93 шақырым), үшінші кезеңде Поп-Андижан (143 шақырым) бөліктері салынады. Жолға цемент-бетон төселеді.

    Ақылы жолда жалпы 102 жасанды құрылымдық құрылыс салынады деп күтілуде. Ондағы жол өткізгіштердің жалпы ұзындығы 1122 метрге жетеді. Жолда жалпы 10 тоннель болады және олардың жалпы ұзындығы 33 шақырымға жетеді деп күтілуде. Ең ұзын туннель 6787 метрді құрайды.

    Бұл жолдың салынуы Ташкенттен Әндіжанға дейін жол жүру уақытын 2 сағат 14 минутқа қысқартады. Жобаның құны 4,28 миллиард долларды құрайды (2023 жылғы номиналды баға бойынша). Бұл жолды құру бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісімі 49 жылға жасалған.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates