Қандай дәрілер аллергия қозғатуы мүмкін?

    Денсаулық 4 Aprel 2022 18321

    Бүгінде дәріханалардан бір түрдегі дәрілердің ондаған баламасын таба аласыз. Бұл әрине, қуанышты жайт. Бірақ фармацевтикалық базардың дамуы дәрі-дәрмек аллергиясымен байланысты аурулардың көбеюіне әкеліп соғатыны сыр емес.

    Мысалы, 1940 жылдарға дейін дәрі-дәрмекпен емдеудің асқынуы дүние жүзінде науқастардың 0,5-1,5 пайызында ғана байқалса, қазір бұл көрсеткіш 15-30 пайызға дейін өсті.

    – Аллергия қоздыратын дәрілер рейтингінде антибиотиктер көш бастап тұр, – дейді Республикалық ғылыми мамадандырылған аллергология орталығының директоры, профессор Ильмира Разикова. - β-лактам тобына лайықты пенициллин, амоксициллин, цефазолин, цефотаксим сияқты антибактериал құралдары сондай-ақ сульфаниламидтер құрамына кіретін сульфадиазин, сульфадоксин сияқты препараттар осылар қатарында.

    Екінші орында стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды айту мүмкін. Барлық дерлік ауырсынуды басатын және антипиретиктер осы топқа жатады.

    Сонымен қатар, жергілікті анестетиктер - новокаин, лидокаин, тағы басқалар жиі аллергия тудырады. Құрамында йод бар дәрілер де жалпы аллергендер болып табылады.

    Дәрігердің айтуынша, дәрілік аллергия әдетте кенеттен басталып, адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, анафилактикалық шок, токсикоаллергия, Лайелла және Стивенс-Джонсон синдромы бұған мысал болуы мүмкін.

    Көбінесе дәрілік аллергияның белгілері бөртпе, есекжем, ангионевротикалық ісіну арқылы көрінеді. Препараттың бір түрін қайталап қабылдау да дерматит тудыруы мүмкін. Дегенмен, кейбір жағдайларда дене температурасының жоғарылауы байқалады.

    Дәрі-дәрмектерге аллергия оларды қайталап қабылдауға байланысты дамиды. Мысалы, бір мезгілде бірнеше микробқа қарсы препараттарды қабылдау ауруды күшейтуі мүмкін.

    Аллергия тек дәрі-дәрмектерге ғана емес, сонымен қатар оларға қосылатын түрлі бояғыштар мен хош иістендіргіштерге де (ароматизаторлар) пайда болатынын есте ұстаған жөн.

    Дәрілік заттарға аллергия тыныс алу органдарының ауруларын да тудыруы мүмкін. Тіпті бұл қандағы лейкоциттер санының азаю қаупін, анемияны тудырады. Кейде бүйрек, жүрек, қан тамырлары, көкбауыр жарақаттары да дәрілік аллергияның нәтижесінде пайда болады. Сондықтан дәрігердің нұсқауымен дәрі қабылдау керек.

    Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates