Қандай өнімдер ағзадағы қартаю үдерісін тездетеді?

    Күнделікті тұтынылатын тағамдар адам денсаулығына әсер етіп, ағзаның қартаю үдерісін жылдамдатуы мүмкін.

    Міне, осындай өнімдердің тізімі және олардың ағзаға әсері туралы ақпарат берілді.

    Шекер және барлық шекері бар өнімдер. Тәттіні жақсы көретіндер кезектегі дисертпен өздерін қуантырып жатқанда ағзада гликация үдерісі іске қосылады және AGE мен RAGE молекулалары жинала бастайды. Олар жиналған жерде қабыну үдерісі тұрақты түрде сақталып, органдардың қалыпты жұмысы бұзылады. Осылай «жасына байланысты» аурулар басталады. Глюкоза ақуыздар мен липидтермен байланысып, бұл терінің эластикалығына тікелей байланысты болған коллагенге зақым келтіреді, бұл ерте қартаюға әкеледі.

    Транс майлар. Олардың негізгі көздері — фастфуд пен маргарин. Бұл майлар қартаю үдерісін тездетеді. Өйткені олар қан тамырларын тарылтып, оның ағынын бұзады. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі айтарлықтай дәрежеде артады.

    Кофе және кофеинді сусындар (энергетикалық сусындар). Кофеиннің көп мөлшері дене жасушаларының сусыздануын тудырады, бұл зат алмасудың бұзылуына әкеледі. Энергетикалық сусындарда кофеиннің әсері натриймен одан да жоғары болады. Терінің ерте қартаюына жол бермеу үшін әрбір кофеден кейін бір стақан су ішу маңызды. Ал энергетикалық сусындардан мүлдем бас тартқан дұрыс.

    Алкогольді сусындар. Оларды үнемі ішу бауырға қатты әсер етеді. Өйткені алкоголь осы сүзгі органында токсиндердің жиналуын тудырады, бұл ағзадағы қабыну үдерістерінің басталуы мен түрлі ауруларға әкеледі.

    Өте тұзды өнімдер (ірімшік, пицца (әсіресе пепперони), чипсы, крекер). Тұз ағзадағы суды ұстайды, бұл жасушалардың қысқаруына әкеледі. Нәтижесінде сусыздық пайда болады. Бұл табиғи түрде қартаю үдерісін үдетеді.

    Қайта өңделген ет (колбаса, сосиска және бекон). Бұл өнімдерде артық тұз және консерванттар бар. Оларды жеу сусыздануға әкеледі және қабынуды тудырады. Сондай-ақ, осы өнімдердің арқасында денеде коллаген өндіруде маңызды болған С дәруменнің мөлшері азаяды.

    Қуырылған картоп. Ол денеде бірден шекер болып ыдырайды. Сонымен қатар, жоғары температурада майға қуырылған өнімдер еркін радикалдарды шығарады. Нәтижесінде терінің жасушалық деңгейінде зақымдану пайда болады.

    Сондай-ақ, бұл тізімге үстіңгі қабығы ашық қоңыр болғанша қуырылған немесе отта пісірілген барлық тағамдарды қосуға болады. Бұл тәбетті ашатын түс, жоғарыда айтқанымыздай, бұл гликация үдерісіне тікелей балық, оғаншекер қосылмаған болса да.

    Әдетте, ұзақ және салауатты өмір салтын насихаттайтын мамандар тез қуырылған немесе буға пісірілген тағамдарды жеуге кеңес береді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates