Мамандардың пікірінше, фокусталған ультрадыбыс нейрохирургиядағы инвазивті болмаған араласулар үшін жиі қолданылады. Бұл техниканың көмегімен бір нүктеде бірнеше ультрадыбыстық толқындардың энергиясы шоғырланып, қажетті жасушаларға бағытталады.
Калифорния университеті мен Файнштейн медициналық зерттеулер институтының мамандары бұл жаңалықты қант диабетімен ауыратын жануарларда сынап көрді.
Ол үшін фокусталған ультрадыбыстық стимуляциясы бауырдағы кейбір жүйке топтарына бағытталған. Нәтижесінде ағзада инсулин мен глюкоза деңгейі тиімді түрде төмендегені байқалды.
Жобамен жұмыс істеген эндокринолог ғалым Раймунд Херцог қазір инсулинді төмендететін дәрілер өте аз екенін айтты. Клиникалық сынақтар толығымен сәтті өткен соң, осыған байланысты жаңа мүмкіндіктер пайда болады.
Қазіргі уақытта қант диабетінің 2-түрімен ауырған науқастар тобында сынақтар жүргізілуде. Соның нәтижесіне орай, кейінірек қант диабетімен ауыратын кез келген науқасқа арналған ультрадыбыстық аппараттарды жаппай шығару жоспарлануда, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ескертеміз, бұған дейін Еуропа ғалымдары тарапынан дәл осындай емдеу әдісі есте сақтау қабілетінің төмендеуіне байланысты ауруларды, атап айтқанда, Паркинсонды емдеуде пайдалы екенін анықтаған еді.