Қашқадария облысында жаңа аурухана салынады

    Билік 24 Oktabr 2023 4739

    Мемлекет басшысы Қашқадарияға сапары барысында жоспардан тыс Қаршы ауданының медициналық бірлестігіне барды.

    Оның ғимараты өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Аурухана 228 науқасқа, емхана 250 емделушіге арналған. Қазіргі таңда ауданның 243 мың тұрғынына қызмет көрсетуде. Бірақ мұндағы жағдайлар мұндай қамту мен уақыт талаптарына сай емес. Кейбір жабдықты жаңарту қажет.

    Президент медициналық бөлімдер мен кабинеттерді аралап, нақты жағдаймен танысты. Осында емделуге келген науқастармен әңгімелесті.

    – Бүгінгі Қашқадарияға келудегі мақсатымыз – облыстың 3,5 миллион тұрғынының жағдайын жақсарту, олардың ауыртпалығын жеңілдету, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік саланы дамыту. Жолдан өтіп бара жатып, аурухананың жағдайын сұрадым. Жағдайды өзім көріп, қарапайым халықпен көбірек араласып, шешім қабылдау – ең үлкен мақсатым. Жоғарыда айтқанымдай, білім мен медицина сапалы болса, халық риза болады. Біз көптеген жерлерде ауруханаларды жақсарттық. Бірақ маған Қаршы ауданындағы жағдай ұнамай тұр. Бүгінгі көргендерімді қорытындылай келе, осында жаңа аурухана саламыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Шенеуніктерге болашақ кешеннің орны мен жобасына ұсыныс енгізу тапсырылды. Алдағы уақытта ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталып, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады. Аудандық медицина бірлестігінде жұмыс істейтін бір топ дәрігерлер мен медбикелер шетелге оқуға жіберіледі. Осылайша, бұл нысан өзге де аудандық ауруханалардың қызметкерлерін оқытып, тәжірибеден өткізетін орталыққа айналады.

    Сондай-ақ, сапар барысында кадрлар біліктілігі мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурухана айналасын көркейту мәселелері де айтылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates