Қашқадария облысының ЕЭА-ғы Корея компанияларының қызығушылығын оятты

    Қаршы қаласында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің Қашқадария облыстық басқармасы, Еркін экономикалық аймақ дирекциясы басшылығы және Кореяның SK Nexilis Co. Ltd. компаниясының жаһандық кеңейтуді жоспарлау тобының менеджерлері Ли Терин мен Ли Жимин қатысуымен келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кореялық еріктестерді тарту болашақтары талқыланды.

    Атап айтқанда, кореялық серіктестерге ЕЭА-да жасалған жағдайлар, инфрақұрылымдық мүмкіндіктер, шетелдік инвесторларға қолайлы қызмт көрсету үшін берілген жеңілдіктер мен преференциялар туралы толық ақпарат берілді.

    Біріккен және шетелдік кәсіпорындардың қызметін ұйымдастырудың іс жүзіндік жақтары талқыланды. Кореялық серіктестерді қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді, инвестициялық жобаларды салу, іске қосу және алдағы қызмет көрсету үдерісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігі айтылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашағы зор инвестициялық ұсыныстарды зерделеу мақсатында түрлі форматтағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates