Қашқадариядағы жұмыссыз жастар мұнай-газ саласына оқытылуда

    Энергия 12 Yanvar 2022 1188

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 2021 жылдың октябрь айында Қашқадарияға іссапары барысында облыстағы жұмыссыздар мен жастарды кәсіп-өнерге оқытудың мүлдем жаңа жүйесі енгізілгенін айтып, бұл жөнінде «Ўзбекнефтгаз» АҚ басқару төрағасы Мехриддин Абдуллаевқа тапсырма берген болатын.

    Мемлекет басшысы тарапынан өңірдегі барлық кәсіп-өнер орталықтарын екі ірі кәсіпорын – Шортан газ-химия кешені мен Мубарак газды қайта өңдеу зауытына біріктіру бойынша нұсқау берілді.

    Осы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Ўзбекнефтгаз» АҚ Өзбекстан Республикасының Жұмысбастылық және еңбек қатынастары министрлігімен және Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрлігімен ынтымақтастық орнатылды.

    Соның нәтижесінде облыстың Ғузар және Дехқанабад аудандарында тұрғындардың жұмыссыз және жұмыс іздейтін бөлігін кәсіптік оқыту және қайта даярлау бойынша оқу курстары ұйымдастырылды.

    Қазіргі таңда оқу курстарында білім алып жатқан азаматтарды бүгінде сұранысы жоғары мамандықтар бойынша бекітілген оқу бағдарламалары негізінде «Ўзбекнефтгаз» АҚ жүйесіндегі мұнай-газ кәсіпорындарының білікті мамандарды кәсіпке даярлауда.

    Сондай-ақ, курс тыңдаушылары өз мамандықтары бойынша «Ўзбекнефтгаз» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындарда практикадан өтеді, деп хабарлайды «Ўзбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates