Техникум бітірушілеріне 70 ел мойындайтын диплом беріледі

    Қазіргі уақытта кәсіптік білім беру жүйесі 3 түрдегі жалпы 672-і мекеме: 333 кәсіптік-өнер мектебі, 112 колледж және 227 техникумнан құралып, осы мекемелер касификацияланған және бағдарламалары арасында үйлесімділіктің болмауының нәтижесінде олардың қуатынан тиімді пайдаланылмай жатқаны анықталған.

    Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің ақпараттық қызметінің басшысы Назокат Абдукундузованың айтуынша, кәсіптік білім беруде интеграцияланған басқару жүйесі жоқ және оқу орындары 27 министрлік пен кеңсеге мойынсұнуға берілгені себепті олардың қызметі тиімді ұйымдастырылмаған. Министрліктер арасындағы үйлестірудің жоқтығынан 75 кәсіпке оқыту орталықта оқытылып жатқан 30-дан астам кәсіп жақын аумақтағы 275 кәсіптік оқу мекемесінде оқытылуда.

    Енді мемлекет басшысының 2024 жылғы 16 октябріндегі «Кәсіптік-техникалық білім беру саласында білікті кадрлар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру және халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу жөніндегі іс-шаралар туралы» жарлығы негізінде Өзбекстанда кәсіптік білімнің барлық дәрежелері бойынша кадрлар дайындайтын бірыңғай техникумдар тармағы ұйымдастырылады.

    3 түрдегі мекеме оңтайландырылып, олардың негізінде барлық деңгейлер мен бағыттар бойынша кадрлар дайындайтын бірыңғай мекеменің түрі – техникумдардың қызметі жолға қойылады. Мұнда 672 кәсіптік оқу орнының негізінде 600 техникум құрылып, 71 оқу орны мектептерге беріліп, 42 мың жаңа оқушыға орын ашылады. Барлық бағдарламаларды бір мекеме негізінде оқыту нәтижесінде білім деңгейлерінің дәйектілігі мен үздіксіздігі, интеграциясы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ олардың ауысым коэффиценті нормада болады.

    14 техникумда тәжірибе ретінде12 квалификация бойынша Пирсон компаниясының БИTEK бағдарламасы енгізіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates