Қатар Әмірінің Өзбекстанға сапары аяқталды

    Билік 6 Iyun 2023 4970

    Қатар Әмірінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды.

    Кеше мемлМкет басшылары Самарқандтың көрікті жерлерін аралады. Бүгін тиімді келіссөздер жүргізіп, көпжақты ынтымақтастықтың басым және перспективалық бағыттарын айқындап, екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға келісті.

    Сапар аясындағы іс-шаралардың соңында Президент Шавкат Мирзиёев пен Әмір Шейх Тамим бен Хамад Әл Соний жылы қоштасты.

    Жоғары мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов шығарып салды.