Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздерін арттыру бойынша кеңес өткізді

    Билік 22 Noyabr 2021 5119

    22 қарашада Президент Шавкат Мирзияев жаңартылатын энергия көздерін арттыру және саланы дамыту мәселелерін талқылаған кеңес өткізді.

    2019 жылдың 21 мамырында «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану туралы» заң қабылданып, саланың дамуының негізін қалаған болатын. Шетелдік инвесторларды тарту арқылы көптеген перспективалы жобалар жасалды.

    Солардың бірі 2021 жылдың тамыз айында Науаи облысында өзбекстандағы алғашқы күн фотоэлектр станциясы іске қосылды. Келесі айда Самарқандта дәл осындай тағы бір станция пайдалануға берілмек.

    Жалпы, 2022-2024 жылдары тікелей шетелдік инвестицияның 3 миллиард доллары есебінен жалпы қуаты шамамен 3 мың мегаватт болатын 10 күн және жел электр станцияларын салу жоспарланған.

    Жақында Шотландияның Глазго қаласында өткен халықаралық климаттық саммитте Өзбекстан 2010 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі парниктік газдардың үлесін 35%-ға азайту туралы бастамасын жариялады. Атап айтқанда, 2026 жылға қарай еліміздегі күн және жел электр станцияларының жалпы қуатын 8 мың мегаваттқа дейін арттыру шаралары қолға алынбақ.

    Келер жылы Хорезм, Бұхара, Қашқадария, Наманган және Ферғана облыстарында жалпы қуаты 900 мегаватт болатын тағы 5 күн электр станциясының құрылысына инвесторлардың тендері аяқталады.

    Жиында Мемлекет басшысы ең алдымен осы жобаларға назар аударып, оларды дер кезінде жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді. Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Энергетика министрлігіне халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жаңа жобалар әзірлеу тапсырылды.

    Президент ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өздерін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерін құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпкерлерді жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ынталандыру керектігі сөз болды.

    Алдағы уақытта күн және жел электр стансаларын салуға қажетті құрамдас бөліктер мен материалдарды ел аумағында өндіру арқылы жобалардың құнын арзандатып, жергілікті кәсіпорындар үшін нарық құруға болады. Сондықтан мұндай өнімдерді локализациялау бағдарламасын әзірлеу міндеті қойылды.

    Болашақ электр станцияларының сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін де білікті инженерлер мен қызметкерлер қажет. Бұл жұмысты қазірден бастаудың маңыздылығына тоқталған Мемлекет басшысы Науаи қаласында оқу орталығын ашып, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын заман талабы негізінде жаңартуды тапсырды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates