«Қырғыз теміржолы» компаниясымен меморандумға қол қойылды

    Көлік 19 Aprel 2023 1207

    Өзбекстан мен Қырғызстан теміржолшылары арасында өзара көпжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігіне қарасты «Өзінің теміржолдары бар заңды тұлғалардың теміржол көлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Сухроб Норқулов Қырғызстан Республикасы Транспорт және коммуникациялар министрлігі құзырындағы «Қырғыз теміржол» ұлттық компаниясы мемлекеттік кәсіпорынының бас директоры Азамат Сакиевпен кездесті.

    Тараптар білім және ғылыми зерттеулер, теміржолшылардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, теміржол көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша озық қолданбаларды енгізу салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері туралы пікір алмасылды. Кездесу барысында екі мекеме арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Сондай-ақ, тараптар алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жолға қоюда тұрақты ынтымақтастықты дамытудың жол картасын әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates