Сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Онда Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
Өзара сауда көлемін ұлғайту, іскерлік және өңірлік деңгейде ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайту, экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды ілгерілету, көлік және транзит саласындағы мүмкіндіктерді пайдалану, мәдени-гуманитарлық алмасуды белсендіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасады, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Бірқатар бірлескен жобаларды іске қосып, екіжақты құжаттар жинағына қол қою көзделген.
Айта кетейік, осы күндері Өзбекстанда бизнес-форум, ректорлар форумы, Қырғызстан мәдениеті күндері және басқа да бірлескен іс-шаралар өтіп жатыр.