Резиденция алдындағы алаңда мемлекеттік тулар көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, мінберге шақырды. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.
Президенттер құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.
Бірге суретке түскеннен кейін Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздерді бастады.