1 сентябрьден бастап Қырғызстан-Өзбекстан шекарасынан ID-карта арқылы өтуге болады

    2023 жылғы 25 авгусында Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара келіп-кетулері туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы (Бішкек қаласы, 2023 жылғы 27 январь) Хаттама күшіне енді.

    Екі елдің аумақтарына кіру, одан шығу, транзитпен өту, жүру және онда болып тұру үшін идентификация ID-картасынан іс жүзінде пайдалану өзара келісімге орай, 2023 жылдың 1 сентябрінен бастап сағат 00:00-ден бастап жолға қойылады.

    Хаттамаға енгізілген өзгерістерге орай, екі елдің азаматтары үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жеңілдетілген бірыңғай тәртібі енгізілді.

    Атап айтқанда, бұдан былай Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары екі елдің аумағына жеке куәлігімен 60 күнге дейін кіріп, жүріп-тұруына бола алады.

    Өзбекстан азаматтары басқа шетелге шығу үшін биометриялық төлқұжатымен Қырғызстан Республикасына кіруге,одан шығуға және транзит арқылы басқа елдерге өте алады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates