Биыл өзбекстандықтар климаттың ерекше суық январь айын бастан өткізді. 2000 жылдардың басынан бері осы жылдың  январь айынан тек 2008 жылдың январь айы өте суық  болды.

Еліміздің кейбір аймақтарында, атап айтқанда, Ташкент қаласында ең суық  түнгі ауа температурасының көрсеткіштері  2008 жылғыдан төмен ғана емес, соңғы жарты ғасырдағы ең төмен көрсеткіш болды.

Ташкент, Жызақ облыстары мен республиканың оңтүстігіндегі кейбір станциялардың жүргізген бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың январь  айында жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың барлық жылдарындағы ең төменгі ауа температурасының абсолютті рекордтары тіркелді.

Январь айының соңғы күндерінде суық бірте-бірте басылды. Бұл тенденция февраль айының басында да жалғасады. Республика аумағына  Жерорта теңізі аумақтарынан ылғалды және салыстырмалы түрде жылы ауа кіреді.

Февраль  айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы негізінен түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 2 градус суық, күндіз 3-8 градус жылы, кей жерлерде 10-12 градус жылы, солтүстікте  түнде 3-8 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Он күн ішінде салыстырмалы түрде жауын-шашын көп болады. Республиканың барлық аймақтарында жиі-жиі жауын-шашын  болады. Кей жерлерде жауын-шашын негізінен жаңбыр түріндегі қарға айналады.

Февраль айының соңына дейін ауа температурасы түнде 2-7 градус жылыдан 0-5 градус суыққа дейін, күндіз 2-7 градус жылыдан 12-17 градусқа дейін жылы болып өзгеріп тұрады.

Кей күндері республиканың кей жерлерінде қар, жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.