Құрлығымыздан Өзбекстан және 5 құрама команда мундиалға жол алды

    Спорт 11 Iyun 2025 1615

    Футбол бойынша Азия аймағында Әлем чемпионаты іріктеуінің үшінші басқышы аяқталды. Онда Әлем чемпионатына жолдама алған 6 ұлттық құрама команданың есімі анықталды.

    Атап айтқанда, «А» тобындағы 10-тур аясында өткізілген ойында Өзбекстан Қатарды 3:0 есебімен ұтты. Қырғызстан БАӘ командасымен 1:1 есебімен ойнаса, Иран — КХДР ойыны 3:0 есебімен аяқталды. Осы нәтижелерден соң топта Иран 23 ұпаймен бірінші орында қалды. Өзбекстан құрамасы 21 ұпай жинады. Осылайша бұл командалар Әлем чемпионатына жолдама алды.

    БАӘ құрамасы да 15 ұпаймен үшінші орын алды. Қатар 13 ұпаймен төртінші орын алды және мундиал үшін күресін кезекті іріктеу арқылы жалғастырады. Одан кейінгі орынға Қырғызстан 8 ұпай, КХДР 3 ұпай жинап, осы әлем чемпионатымен қош айтысты.

    «В» тобында Оңтүстік Корея – Кувейт 4:0, Иордания – Ирак 0:1, Палестина – Оман 1:1 есебі тіркелді.

    Нәтижеде Оңтүстік Корея 22 ұпаймен көшбасшы ретінде, Иордания екінші орынмен Әлем чемпионатына шықты, Ирақ 15 Оман11 ұпаймен 3-4 орындарға тіркеліп, 4-ші іріктеу кезеңіне өтті. 10 ұпайы бар Палестина мен 5 ұпайы бар Кувейт соңғы орында қалды.

    Іріктеудің «С» тобындағы 10-тур кездесулерде төмендегі нәтижелер тіркелді:

    Жапония - Индонезия 6:0,

    Сауд Арабиясы - Австралия 1:2,

    Қытай - Бахрейн 1:0.

    Осылайша, Жапония 23 ұпаймен бұл топта айқын көшбасшы екенін дәлелдеді. Австралия 19 ұпаймен екінші орында және бұл командалар әлем чемпионатына жолдама алды. 13 ұпаймен Сауд Арабиясы мен 12 ұпаймен Индонезия 3-4-орында қалды, 4-іріктеу басқышына жолдама алды. Күткендей, 9 ұпайы бар Қытай мен 6 ұпайы бар Бахрейн топ аутсайдері ретінде Әлем чемпионатына жолдама ала алмады.

    Естеріңізге сала кетейік: Азия аймағындағы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші кезеңінде 18 команда 3 топқа бөлініп, әрбір топтан 2 ең үздік құрама командалар — Өзбекстан, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Иордания құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

    Осы кезеңде 3 және 4-орын алған алты үздік команда – БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясы, Индонезия, Ирак және Оман 4-кезеңде күресін жалғастырады.

    4-басқышта 6 команда 2 топқа бөлініп әлем чемпионатының екі жолдамасы үшін сайысқа түседі. Топ жеңімпаздары әлем чемпионатына жолдама алады, ал екінші орын алған командалар бір-бірімен күш сынасады, ал жеңімпаз финалдық жолдама үшін құрлықаралық плей-офф басқышында билет алу үшін қатысады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates