Заң жобасы: Жалған емшілерге жауапкершілік белгіленеді

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының кезектегі мәжілісінде бір топ депутаттар заңдылық бастамасының құқықтық негізде жасаған — “Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына қосымша және өзгерістер енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыдан қаралды.

    Атап өткендей, «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңда денсаулық сақтау тәжірибесінде нақтама қою мен емдеудің рұқсат етілген әдістерін ғана қолдану белгіленген.

    Алайда, нақтама қою және емдеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдағанда, медициналық көмек көрсеткені үшін жауапкершілік шаралары қарастырылмаған.

    Осы Заңмен азаматтарға халық медицинасы саласындағы қызметпен шұғылдану құқығына ие болмаған тұлғаның медициналық нақтама қою және оларды емдеу қызметтерін көрсеткені, сондай-ақ қызметтерді халық медицинасы бағытында рұқсат етілмеген әдістерді қолдаған жағдайда материалдық құндылықтар алу немесе мүліктік пайда табу есебіне қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленуде.

    Бұл ретте аталған қызметтерді көпшілікке насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңы халық медицинасы саласына рұқсат етілмеген әдістерді қолдаған жағдайда азаматтарға медициналық нақтама және оларды емдеу қызметтерін жарнамалауға тыйым салатын нормамен толықтырылды.

    Заң жобасын депутаттар үшінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates