Жобаның құны 500 мың долларға тең болған, суда тез еритін азот-фосфор-калийлі (НПК) минералды тыңайтқыш өндіруге маманданған жаңа желіні пайдалануға тапсыру шарасына облыс әкімі Хайрулло Бозоров, “Indorama Corporation” компаниясының директоры Пракаш Кежривал, облыстық инвестициялар саласының жауаптылары және қоғамдық өкілдер қатысты.

Шарада кәсіпорын қызметі еліміздің агроөндіріс саласы үшін маңызды екені, жаңа жұмыс орындарын ашу, сонымен қатар топырақтану бағытында да жұмыс орнын ашып, агрохимиялық зерттеулер жүргізу арқылы топырақта қандайда бір минералдардың мұқтаждығын байқауды анықтауда кәсіпорын көмегі өз нәтижесін бергені айтылды.

“Қоқан суперфосфат зауыты” қызметін әртараптандыру мақсатында 2019 жылы оның 96 пайыз акциясы Сингапурдың “Indorama Corporation”  компаниясына сатылып, бұл жерде кең көлемді жаңғырту істері жүзеге асырылды. Бұл істердің нәтижесінде өндіріс қуаты жылына 75 000 тоннадан 350 000 тоннаға дейін жеткізілді. Сондай-ақ, Испания, АҚШ, Ресей, Түркия, Үндістан, Қытай мемлекеттерінің жетекші компанияларынан заманалық қондырғылар әкеліп орнатылды. Қазірде ауыл шаруашылығы саласы үшін сапалы минералдық тыңайтқыштар шығарылуда.

Жалпы құны 70 миллион доллар болған екі басқышты инвестициялық бағдарламаның бірінші басқышы аясында үстіміздегі жылдың февраль айында бұл жерде суперфосфат өндіру тармағы іске түсірілді. Инвестиция көлемі 43 миллион долларды  құрады. Өткен кезең ішінде 100 мың тонна 170 миллиард сумдық өнім өндірілді. 2,7 миллион долларлық өнім шетелге экспортталды. Жұмысқа түсірілген бірінші басқыш жобасында 500 адам жұмыспен қамтылды. Назар аударатын жағы, өнім өндіру қуаты бес есеге артты, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.