Нөкіс қаласында II Халықаралық бахшылық өнері фестиваліне старт берілді

    Қазірде II Халықаралық бахшылық өнері фестивалі өтетін мекен — Нөкісте, бахшылық өнері фестивалі қарқынмен жалғасуда.

    Конференцияда көптеген мемлекеттерден бахшылар, туристер, тағы басқа да қонақтар Нөкіске келген. И.Савицкий мұражайы қарсысында әрбір облыс павильоны ұйымдастырылып келген қонақтар аумақтардың ұлттық көрінісімен, құндылықтарымен, дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болуда. Сонымен қатар бахшылар мен жыраулардың дастан-өлеңдерді орындаулары адамдардың көңілдерін баурап алуда.

    Өзбек халқының той-салтанаттары бахшылардың дастан-термелерінсіз өтпейтіні белгілі. Дастандарда негізінен халқымыздың арман-ниеттері, игі-мақсаттары жырланып, адамилық қасиеттер ұлықталады. Сондықтан, түрлі идеялық-көркемдік маңызы бар дастандар әрдайым адамдар көңілінен терең орын алады.

    Еліміздің Қашқадария, Сұрхандария, Самарқант, Хорезм облыстары және Қарақалпақстан Республикасы аумақтарында бахшылық өнері ежелден сақталып келуде. Бүгінде елімізде екінші рет өткізілген Халықаралық бахшылық өнері фестивалі халық ауызекі шығармашылығын ұлықтау, оның мазмұн-ерекшелігін қаз қалпында сақтау және болашақ жас ұрпаққа жеткізудің де маңызы зор.

    Халықаралық көлемдегі аталмыш фестивальді өткізудегі негізгі мақсат сол, бахшылық өнерінің теңдесі жоқ үлгілерін паш ету әлем қоғамдастығына көрсету, көркемдік жағынан бай болған өнер түрін республикалық және халықаралық көлемде кеңінен насихаттау.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates