Қарақалпақстан аумағының кеңдігі және пайдалы қазбалар қорының молдығымен ірі экономикалық әрі инвестициялық әлеуетке ие. Атап айтқанда, 270 миллион тонна цемент, 256 миллион текше метр құрылыс және әрлеу тастары, 200 миллион тонна әктас, 31 миллион текше метр керамзит, 30 миллион текше метр құрылыс құмы, 27 миллион текше метр кірпіш шикізаты, 6,9 миллион тонна шыны, 6,5 миллион тонна гипс, 4,3 миллион тонна вермикулит қоры анықталған.

Сонымен қатар қала, аудан және ауылдар арасындағы қашықтықтың алшақтығы әр аумақтың салыстырмалы артықшылықтарын тиімді пайдаланып, нақты есепке негізделген жұмыс жүргізуді талап етеді. Жалпы, қай жерде қолайлы орта, әділ әрі ашық жүйе болса, кәсіпкер де, инвестор да сол өңірге қаражат салуға мүдделі болады.

Таныстырылым барысында соңғы жылдары Қарақалпақстан экономикасында елеулі өзгерістерге қол жеткізілгені айтылды. Сегіз жыл бұрын өңір жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша соңғы орында болса, бүгінде 7-орынға көтерілген. Бұрын өнеркәсіп өнімінің небәрі 4 пайызы экспортқа шығарылса, қазір бұл көрсеткіш 30 пайызға жетті. Жалпы экспорт көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 3,5 есе өсіп, 2,1 миллиард долларды құрады.

Алдағы бес жылда өңір экономикасын 102,5 триллион сумға (2025 жылы 54,3 триллион сум болған), жан басына шаққандағы табысты 51 миллион сумға жеткізу, өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларында 7,2 миллиард долларлық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, өнеркәсіп, қызмет көрсету және туризм экспортын 900 миллион долларға жеткізу міндеті жүктелді (2025 жылы 435 миллион доллар болған).

Жыл соңына дейін жұмыссыздық деңгейін 4,2 пайызға, кедейлікті 3,2 пайызға дейін төмендету, сондай-ақ Нөкіс қаласы, «Қоңырат» және «Шымбай» аудандары мен 109 махалланы ілеуметтік тұрғыдан дамыған аумаққа айналдыру көзделген. Сонымен бірге «ауыр» санаттағы «Бозатау», «Қанлыкөл», «Мойнақ» және «Шуманай» аудандарында және 90 махаллада кедейлікті екі есеге қысқарту тапсырылды.

Инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірге бұрын берілген жеңілдіктер мерзімін ұзарту ұсынысы айтылды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады.

Қарақалпақстанға тікелей шетелдік инвестиция көлемін 2,5 есеге арттыру (2025 жылы 2,5 миллиард доллар болған) жоспарланып отыр.

Өңір үшін дайындалған ірі инвестициялық жобалар туралы мәлімет берілді.

Жобалар қатарында «Тахиаташ» ауданында жасанды интеллект саласына арналған модульдік есептеу орталығын құру, Нөкіс қаласында автокөлік өнеркәсібіне қажетті бөлшектер шығаратын технологиялық кластер ашу, базальт талшығын өндіру, қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын өндіру, «Қараөзек» ауданында көмірден алтын ажырату фабрикасын іске қосу, «Тахтакөпір» ауданында мақта тазалау және иіру фабрикасын, «Шымбай» ауданында жіп өндірісін ұйымдастыру жобалары бар.

Ауыл шаруашылығында жер ресурстарын пайдалану деңгейі өңір мүмкіндігіне сай емес екені атап өтілді. Қолда бар аумақтың небәрі 2,5 пайызы ғана егістікке пайдаланылып, қалған 16 миллион гектарға жуық жер игерілмей отыр. Климатқа бейім жаңа дақыл түрлерін енгізу, су тапшылығы мен сортаң топыраққа төзімді, оның ішінде фармацевтика саласына қажетті дәрілік өсімдіктерді кең көлемде өсіру міндеті жүктелді.

Жайылымдарды тиімді пайдалану және мал шаруашылығын дамыту мақсатында Министрлер Кеңесі төрағасының жеке орынбасары лауазымын енгізу ұсынылды. Биыл 10 мың гектар жайылымды қалпына келтіру, өсімдіктерді жасанды интеллект негізінде мониторингтеу, ауруларды ерте анықтау және су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған.

Биыл «Қоңырат», «Шымбай», «Беруни», «Бозатау» және «Қанлыкөл» аудандарында мал азығын өндіру, сақтау және қаптау жобалары жүзеге асырылады. Сондай-ақ «Беруни» ауданында жылына 36 мың тонна мал және балық жемін өндіретін заманауи агрокешен іске қосылады.

Туризмді өңір дамуының негізгі қозғаушы күшінің біріне айналдыру қажеттігі атап өтілді.

Ол үшін «Барса келмес» тұз кені аумағында туристік-рекреациялық аймақ, Арал маңы мен Үстірт жотасында Марс ғаламшары көрінісін еске салатын орындарда глэмпинг аймақтары ашылады. Арал теңізінің құрғауы салдарын әлемге көрсету үшін Арал теңізі тарихы музейі заманауи технологиялармен жаңғыртылады.

Осы шаралар нәтижесінде биыл Қарақалпақстанға 500 мың шетелдік және 3 миллион отандық турист тарту көзделген. Өңірдің тартымдылығын арттыру мақсатында танымал туроператорларға бөлек жеңілдіктер енгізіледі.

Зияткерлік жобалар мен стартаптарды қолдау жөніндегі жаңа жүйені Қарақалпақстан Республикасынан басталатын болды. Онда жастардың әлеуметтік-экономикалық орталығында IT университеті мен стартаптарға арналған технопарк құру жоспарланған. Сонымен қатар жасанды интеллектті дамытуға 5 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестиция тарту, деректерді қайта өңдеу, «бұлтты» технологиялар мен есептеу орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалану деңгейін 10 есеге арттыру көзделіп отыр. Қарақалпақстанда құны 1 миллион доллар болатын 10 стартап жобасын іске қосу, осы жобаларға Ғылым және инновациялар қорынан жыл сайын 30 миллиард сум бөлу тапсырылды.

2027 жылдың соңына дейін «Қоңыратта» халықаралық стандарттарға сай «құрық порты» мәртебесіне ие Арал логистика орталығын құру міндеті жүктелді.

Биыл Қарақалпақстандағы инфрақұрылым жобаларына 150 миллиард сум бағытталады. Алдағы жылдары орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды жақсартуға 2,2 триллион сум бөлу, ауыз су және кәріз желілерін, су тарату және тазарту нысандарын, сондай-ақ жол құрылысы жобаларын жүзеге асыруға 200 миллион доллар тарту жоспарланған.

Жиын қорытындысында Президент Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанда белгіленген межелерге қол жеткізу үшін барлық мүмкіндік пен ресурсты толық іске қосу, әр аудан мен махаллада нақты есептеу мен нысаналы түрде жүйелі тәсілге негізделген жұмысты ұйымдастыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралардың практикалық нәтижесін жедел қамтамасыз ету жөнінде жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.