Есепті Премьер-министрдің орынбасары — экономика және
қаржы министрі Жамшид Қучқоров таныстырды.
Атап өтілгендей, әлемдік экономикадағы белгісіздіктер мен
геосаяси қайшылықтарға қарамастан, Өзбекстанда тұрақты экономикалық өсім
қарқыны сақталған. Кең ауқымды реформалар мен экономиканың түрлі салаларын
қолдап-қуаттау бағдарламалары халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет еткен.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі
7,7 пайызға өскен. Қызмет көрсету саласы 14,7 пайыз, құрылыс саласы 14,2 пайыз
және өнеркәсіп саласы 6,8 пайыз өсім көрсеткен. Жылдық инфляция деңгейі 7,3
пайызды құраса, сыртқы сауда айналымы 81,2 миллиард долларға жеткен.
Сондай-ақ өткен жылы экономикаға 591,1 триллион сум
көлемінде инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 10,5
пайызға артқан.
Мемлекеттік бюджет кірістері белгіленген жоспарға
қатысты 116,6 пайызға орындалған. Бюджет шығыстарының шамамен жартысы — 180,4
триллион сум әлеуметтік
салаға бағытталған. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі білім беру, денсаулық сақтау,
халықты әлеуметтік қолдау және тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыруға
жұмсалған.
Талқылау барысында білім беру саласына бөлінген
қаражат ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, 2025 жылы бұл бағытқа 84,2 триллион
сум бөлінген, бұл
өткен жылмен салыстырғанда 12,9 триллион сумға көп. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне
шамамен 4 триллион сум субсидия берілген.
Денсаулық сақтау саласына 43,3 триллион сум бағытталған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,2
триллион сумға көп. Сонымен қатар, мемлекеттік медициналық сақтандыру
жүйесі арқылы медициналық мекемелерге 21,6 триллион сум бөлінген.
Депутаттар аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселесіне
де назар аударды. 2025 жылы балалар жәрдемақыларына, материалдық көмек пен
өтемақыларға 14,5 триллион сум бюджет қаражаты бағытталғаны айтылды.
Есепті
талқылау жалғасуда.