Бұл туралы
Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңгесінің ақпарат қызметі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Жоқарғы Кеңгес Төрағасы Аманбай Орынбаев басшылығындағы
Қарақалпақстан делегациясы Қытай Халық Республикасында іссапарда жүр.
Сапар аясында делегация қоғамдық көлік өндірумен айналысатын ірі Sichuan
Zhongzhi Shenghe Performance Co., Ltd. компаниясына барды.
Компания басшылығымен өткен кездесуде Қарақалпақстан үшін Қытайдан 54
электробус пен оларға арналған зарядтау құрылғыларын жеткізу мәселелері
талқыланды.
Кездесу барысында қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту, экологиялық таза көлік
түрлерін енгізу және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша пікір
алмасылды.
Тараптар жалпы құны 10 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны жүзеге асыру, соның
ішінде 54 электробус пен зарядтау құрылғыларын 2026 жылғы 1 тамызға дейін
Қарақалпақстан Республикасына жеткізу жөнінде келісімге келді.