Қарақалпақстанға инвестиция ағыны артып келеді

    Кейінг 7 жылда Қарақалпақстан Республикасында 17 триллион 800 миллиард сумдық 6 мың 784 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 56 мың жұмыс орны ашылды. Осы кезеңде 2 миллиард 815 миллион доллар көлемінде экспор жасалды. Биыл республикада жалпы құны 874 миллион долларды құрайтын 470 жоба жүзеге асырылуда.

    Бұл дәйекті түрде жалғасын тауып, Қарақалпақстанда шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлердің күшімен жалпы құны 9,5 миллиард долларды құрайтын 124 жоба қалыптасты. Оның ішінде құны 1 миллиард 800 миллион долларлық 10 жоба Мемлекет басшысына таныстырылды.

    Қытай, Сауд Арабиясы, Германия, Ресей, Испания сияқты елдердің компаниялары жобаларға инвестиция салуда. Олар энергетика, жылумен жабдықтау, тау-кен және химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, қызмет көрсету және басқа да салаларды қамтиды.

    Айталық, Сауд Арабиясымен бірлесіп Нөкіс қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін жетілдіру, Испания инвестициясының қатысуымен «Қараөзек» ауданында күн және жел электр станцияларын салу, германиялық инвесторлармен «Нөкіс» ауданында мыс өңдеу және кабель өндіру жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.

    Осы 124 жобаның нәтижесінде 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

    Мемлекет басшысы бизнесмендерге жан-жақты көмек көрсетіп, жобаларды жеделдетудің маңызды екенін айтты.