Қарақалпақстандық ата-аналар әскердегі балаларымен онлайн арқылы сұхбаттасты

    Дидар ғанибет демекші, шынымен де дидарласқанға не жетсін. Бүгінде заманалық техниканың дамығаны соншалықты, сағынсаңыз болды үйден шықпай-ақ алыстағы бауырыңызды немесе перзентіңізді көріп, оның қал-ахуалынан хабарласасыз.

    Қолыңыздағы смартфон құрылғысы мыңдаған шақырым қашықтықтағы адаммен жүздестіреді. Бұрын сарбаздар ата-анасын сағынғанда ұзақ жазатын хаттар немесе мүмкіндік болған кезде оларға қоңырау шалатын. Қазір заманмен үндескен сарбаздар ата-аналарымен бейнебайланыс жасап жатыр. Иә, олар онлайн арқылы сұхбаттаса алады.

    Сондай кездесулердің бірі Нөкіс гарнизонының «Руханият және ағарту» орталығында өтті. “Отансүйгіштік айлығы” шеңберінде өткізілген телекөпірде Қарақалпақстан Республикасынан Самарқант облысына әскери қызметке барған сарбаздар мен Самарқант облысынан Нөкіс гарнизонындағы әскери бөлімдерінде жігіттік борышын өтеп жатқан сарбаздардың туыстарымен кездесуі ұйымдастырылды.

    «Әскерилер аналарды құрметтейді!» атты шара қызықты сәттерге толы болды. Ата-аналар балаларымен дидарласып, қуаныштан көздеріне жас алып, оларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Сұхбат барысында сарбаздар кешегі бала емес, әскери киіміне сай айтар сөзі бар, Отанның нағыз перзенті екені сезілді.

    Сол күнгі кездесуде қарақалпақстандық бір топ ата-аналар әскери бөлім командирінің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Солтүстік-батыс әскери округінің баспасөз қызметі.

    Минажатдин Құтлымұратов,

    «Жаңа Өзбекстанның» тілшісі.


    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates