«Күзет қызметі туралы» Өзбекстан Республикасының Заңы бекітілді

    Қауіпсіздік 28 Aprel 2022 2629

    Сенаттың жалпы мәжілісінде «Күзет қызметі туралы» Өзбекстан Республикасының Заңы қаралды.

    Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын, олардың мал-мүлкі мен нысандарын зұлымдықтан қорғау, қорғалатын нысандар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және оларға шек қою заңның негізгі міндеті болып табылады.

    Заңда күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң тiзімі бекiтiлiп, Өзбекстан Республикасының аумағында күзет қызметiн шетелдiк ұйымдар мен олардың жеке күзет ұйымдары тарапынан жүзеге асыруға жол берілмейтіні, мұнда Өзбекстан Республикасы аумағына қысқа мерзімге сапармен келген жоғары деңгейдегі қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары бұған кірмейтіні белгiленген.

    Сондай-ақ Заңда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің әскери қызметшілерінің, қызметкерлерінің, жұмысшылары мен әскери қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері, осы лауазымдарға үміткер болғандарға қойылатын талаптар, сала мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, әскери қызметшілер және қызметшілердің кәсіби, физиологиялық және жауынгерлік даярлығына байланысты нормалары қарастырылған.

    Заңда дене күшін қолдану мүмкін болатын жағдайлар, арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолданудың шарттары мен тәртібіне, күзет қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты нормалар күшейтілген.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates