Жобамен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген өзгерістер негізінде әкімшілік істерді қарау және жазаны қолдану өкілеттігі Ішкі істер министрлігіне қарасты күзет бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына берілуде.

Сондай-ақ, бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу арқылы  қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық гвардияның өкілеттіктері нақты белгіленеді деп жоспарлануда.

Заң жобасы депутаттардың ұсыныстары мен пікірлері негізінде жетілдіріліп, оның қауіпсіздік қызметінің құқықтық негіздерін нығайтуға қызмет ететіні айтылды.