Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, «Қойлық – Құрушылар» учаскесінде салынып біткен 5 бекеттің жалпы ұзындығы 7,74 шақырымды құрайды.
Осылайша, Ташкент метрополитентінің бекеттер саны 48-ге жетті. Жер үсті метросы құрылысының екінші басқышы толық аяқталған соң Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 шақырымнан астамды құрайды, бекеттер саны 50-ге жетеді.