Ташкент метрополитенінің
«Жерүсті айналма жолы» бағытында метро пойыздарының жүруі осы уақытқа дейін
таңғы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетіп келген еді.
Жолаушыларға көрсетілетін
қызмет сапасын одан әрі арттыру және қосымша қолайлықтар жасау мақсатында, 2026
жылғы 1 мамырдан бастап аталған бағытта пойыздардың қозғалысы күн сайын сағат
05:00-ден 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Ақпарат үшін, Ташкент
метрополитенінің басқа (Чилонзор, Өзбекстан және Юнусобод) бағыттарында
пойыздар қозғалысы күн сайын таңғы сағат 05:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жүзеге
асырылып келеді.