Сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздерде екіжақты және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер талқыланады.
Саммиттің негізгі күн тәртібінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды тереңдету, өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіптік кооперация бойынша өзара тиімді бірлескен жобаларды ілгерілету, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, белсенді аймақаралық және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастыру сынды мәселелері орын алған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшылары бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр.
Кездесулердің соңында практикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша екіжақты келісімдердің маңызды кешенін қабылдау көзделген.