Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев қарсы алды.
Мемлекет басшылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, қысқаша әңгімелесті.
Осыдан кейін Қазақстан басшысы «Жаңа Өзбекстан» саябағын барып, онда дәстүр бойынша Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.