Қазақстан Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық, сондай-ақ Өзбекстанның көпұлтты халқының әл-ауқатын арттыру жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде жаңа табыстар тіледі.
Сұхбатта Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайту мәселелері талқыланды.
Барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып жатқаны, тауар айналымының артып келе жатқаны, сондай-ақ металлургия, тоқыма, ауыл шаруашылығы, логистика, құрылыс және басқа басым салаларда маңызды кооперациялық жобалар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосуға дайындық жүріп жатқаны да айтылды.
Биыл екі елде бірқатар мәдени-гуманитарлық іс-шаралар, оның ішінде жастар, туризм және білім беру форумдары өтеді.
Мемлекет басшылары сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар жоспарын да қарастырды.









