Қазақстан басшысын Өзбекстан басшысын туған күнімен құттықтап, бауырлас елдеріміз арасындағы бүгінгі қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеруде Өзбекстан басшысының жеке үлесі зор екенін атап өтті.
Практикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Болашақ жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындықтың маңыздылығы сөз болды.
Сондай-ақ, өңір басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі мен осы жылдың тамыз айында Астанада өтуі жоспарланған «Орталық Азия + Жапония» саммиті қарастырылды.