Сапар бағдарламасына сәйкес, жоғары деңгейдегі келіссөздер мен Өзбекстан және Қазақстан басшылары төрағалығымен өтетін Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы жоспарланған.
Күн тәртібіндегі негізгі тақырып – сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және мәдени-гуманитарлық жобалар сияқты басым бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету.
Сонымен қатар аймақтық және жаһандық саясаттың өзекті мәселелері, көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын және бірқатар бірлескен жобаларды іске қосу, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуіне де қатысады.









