Самарқанд халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Айта кетерлігі, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілген. Барлық деңгейде белсенді диалогтар жүргізілуде.
Атап айтқанда, жыл басынан бері өзара тауар айналымы 14 пайызға өскен, жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық жобалар портфелі қалыптасқан.