— Республика референдумы туралы конституциялық заңнама нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығына ие азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, референдум өтті деп есептеледі. Республика референдумына қойылған мәселе, атап айтқанда, жаңа Конституцияны қабылдау туралы қаулы, егер облыстар мен республиканың үштен екі бөлігінде оны жақтап дауыс бкрген азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі, — деді ол.

Осыған байланысты комиссия төрағасы әрбір аумақта азаматтардың басым бөлігі аталған шешімді қолдап дауыс бергенін айтты.

— Осылайша, республика референдумы туралы заңнамада елдің 20 аумақтың үштен екісінде оң шешімді қолдап дауыс берген азаматтардың жартысынан көбі деген талап орындалды. Сондықтан жаңа Конституция қабылданды деп танылады, — деді Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Орталық референдум комиссиясы 15 наурыз күні өткен жаңа Конституция жобасы бойынша референдумның қорытынды нәтижелерін жариялаған болатын, деп хабарлады kazinform.